Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Торғайдын Жангелдин мұражайлар кешені» КММ
0
Шақшақ Жәнібек музейі


Мұражай халықтың қаржысымен салынып, Жәнібек бабамыздың 300-жылдық мерей тойына байланысты ашылған болатын.

 Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған.

 Ол 1740-1741 жылы жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше дипломатиялық шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И.И.Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысына арнаулы елшілік шығартқан, бұл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандарды да араластырып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған.
Жәнібек Тархан 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді. .

Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды.

Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы В.А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек Тарханға жүктеген.

Кейін Жәнібек Тархан да Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгембай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарылады. Ш.Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған.
Жәнібекті Бұқар Жырау сөзімен айтсақ :
Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай ,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақ ұлы Жәнібек
Ормандай көп Орта жүз
Содан шықты төрт тірек.
Жәнібектің батыр да, би де, мәмлегер болғандығын дәлелдейтін Орынбор мұрағатынан әкелінген бірнеше құжаттардың тізімі бар, соның ішінде 1743 жылы 11-шілдеде императрица Елизавета 37-ші жарлығында Орта жүз бен Кіші жүздің батыры және биі болған Жәнібекке «тархан» деген атақтың берілгендігі. Тархан атағына тоқталатын болсақ кезінде жойылып кеткен ХҮ ғасырдағы тархан атағы ХҮІІІ ғасырда қайта жаңғыруына себеп болған мына жердегі лейтенант Урусовтың императрицаға жолдаған хатында Еділ казактарына жойқын соғыстар ашып отырған Жәнібекке бір тосқауыл болама деген сөзі.


Мұражайдың құнды жәдігерлерінің қатарында Жәнібектің 1747 жылы императрица Елизаветаға жолдаған хаты. Хат араб тілінде жазылған. Бұнда Әбілқайырханның қайтыс болуына байланысты қазақтың жеріне келіп, Әбілқайырханның отбасына көңіл айт делінген. Бабамыз 2 айдан соң жаңағы хатқа жауап келмегеннен қайта хат жазып былай деген: менің тілмашым татар болуына байланысты сізге дұрыс аудармаған шығар, енді біз қазақтын да емес, орыстың да емес Қытай жерінде кездесеміз деп императрицаны шақырған екен. Бұдан біз бабамыздың мәмлегер болғандығын байқаймыз.
Атасы Шақшақ Аманжолұлы “Еңсегей бойлы Ер Есім” атанған атақты Есім хан қолбасшыларының бірі болған.


Сондай-ақ осы мұражайда ең құнды жәдігер болып есептелетін Тархан Жәнібек ұстаған атасы Шақшақ батырдың туының қиындысы. Бұл тудың қиындысы негізінде Жәнібектің Дәуітбай тараған Шеген тұқымынан тараған Әбдрашит Бектемісов деген ағамыздың шаңырағынан Алматы қаласында Ғалия әжеміздің бізге сыйға тартқан.


Тарихта Шақшақ батыр ХҮІ-ғасырдағы Есімханның бас батыры болып келсе, Жәнібек бабамыз ХҮІІІ-ғасырда өмір сүрген. 500 жылға тартқан тудың қиындысын міне, бізге жеткізгендегі осы негізгі мақсат Шеген ұрпақтарының кейбір балаларында сәби болмағанда шаңыраққа осы қиындыны іліп ырымдаған екен, содан кейін нәрестелі болған екен деген. Сөйтіп, бұл ұрпақ жалғастыратын тудың қиындысы деп берген болатын.

 

 Өзінің Уәли Сұлтанның баласы Ташкентпен қашып шыққан, аты Әбілмансұр екендігін айтады. Алғаш Абылайға батаны Жәнібек Төле бидің түйесін бағып жүргенде берген екен.

Шақшақ Тосын жерінде дүние салған.


Арғынның жалпақ жатқан сүйегінің,
Ортаңғы жілігіндей – ірі буын,
Әйгілі Жәнібектің ұрпақтары
Өзгенің көтермеген шіренуін, – деп Ғафу ағамыз жырлағандай қазақтың салты бойынша бұл кісіні аманат деп жерлеп, 6 ай қыс жүріп баласы Ақтамбет Түркістанға апарып жерлеген, Иассауидің құдығынан орын алған.