Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Торғайдын Жангелдин мұражайлар кешені» КММ
0
Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайы

Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматикасының және қазақ әдебиетінің теориясының негізін салушы. Оның есімі революциядан бұрын ағартушы, түрколог, аудармашы ретінде белгілі болған. Ол бар болмысымен қазақ халқының бостандығын, өз алдына тәуелсіз іргелі мемлекет болуын көкседі, сол үшін күресті. Осындай тамаша тұлға 1937 жылы сталиндік жеке басқа табынушылықтың жазықсыз құрбандарының бірі болды.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің маңдайына бақ болып бітіп, бірақ өз маңдайын күн шалмай өткен арыстарымыздың бірі - Міржақып Дулатұлы. Ол –ақын, «Оян,қазақ!» - деп, ұран салған азамат жазушы, жалынды журналист, ағартушы педагог, қоғам қайраткері, біртума дарын иесі. 1928 жылдың аяғында тұтқындалып 10 жылға сотталып, 1935 жылы Соловецк лагерінде қайтыс болған.
1991 жылдың 6-7 маусымы Республикалық деңгейде Торғайда Ахмет Байтұрсынұлы пен Міржақып Дулатұлының күндері өтіп, ғылыми теориялық конференция өткізілді. Оған әдебиет пен өнер, мәдениет, тіл мен діл мамандары қатысты. Атап айтсақ: Манаш Қозыбаев, Әбіш Кекілбаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Өмірзақ Сұлтанғазин және елдің танымал тұлғалары қатысты.

Елдің ұлы тұлғаларының есімдері туған еліне оралу салтанатына орай Республикада тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы пен Міржақып Дулатұлының еңбектері елімен 57 жылдан астам уақыттан кейін қайта қауышып, аудан орталығында Алаш арыстарына арналған Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы мұражайы ашылып, халыққа қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбиелеп насихаттауда жұмыс атқаруда.

Аталған мұражай алдында қос Арыстың қоладан құйылған биік тұғырдағы ескерткіші мұнда келушілерді еріксіз өзіне тартады.

 Мұражайдағы бай экспонаттар мен құжаттар, мұрағаттар араға 60 жыл салып халық игілігіне мәдени өміршең мұрасына айналды.

Мұнда Ахаң мен Жақаңның балалық шағымен басталған дерек пен дәйек, олардың сонау өткен ғасыр басындағы қоғамдық өмірдегі - тәуелсіздік пен бостандық жолындағы ұлы істерін көз алдыңа елестете алатын нақты құжаттар мен заттай айғақтармен қауышасың.

Міне, қос арыстың мұражайы осындай символдық ырғақпен бастау алып өздері өмір сүрген ортадағы қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Кұдайбердиев сынды ұлылармен тізе қосып, ел болашағы, халықтың келешегі, ұрпақ алдындағы борышты жете сезінуге үндейді.
Мұражай бөлмелері мынадай бөлімдермен аталады:
1. Мұражай тарихы
2. Қос арыс
3. Ұрпақтары
4. Ақындар
5. Қоғам қайраткері
6. Жазушылар
7. Журналистер
8. Сыйлықтар бөлмесі
Мұражайдың жалпы көлемі – 315,0 ш.м
Экспозициялық бөлме көлемі – 305 ш.м
Әкімшілік бөлмесі – 18 ш.м

 
Мұражайда қос арыстың еңбектерінің түп нұсқасы мен тұтынған заттары мұражай жәдігерлерінің жауһарлары, халықтың мұрасы мен қазынасы.

Атап айтсам: Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының тұтынған заттары мен еңбектерінің түп нұсқаларын туыс-туғандарына арнайы барып жинақтап алып келініп, экспозицияға қойылған.

 Ахаңның қос кітабы «Қырық мысал» (Қазан -1909ж.), «Маса» (Орынбор , 1911 ж.) кітаптары 1937жылы киізге оралып, жер астына көміліп, 1990 жылы қазып алынып, мұражай қорына табыс еткен Смағұлов Ерден ақсақал. Тапсырушы естелігінде: «Әкем Смағұл «балам Ахаң халық жауы болуы мүмкін емес, түбі ақталады.

Гүлнар апамыз қиын-қыстау кезінде әкесінің дүниялерімен қатар, атасы Ахметтің 4-кітабының түп нұсқасын Орынбордан Москваға көшіп бара жатқан татар көршісіне аманаттап табыстаған. 52 жыл бойы аудармамен ақысын төлеп отырып, 1990 жылы ғана Алматыға алып келіп, 1991 жылы Торғайдағы музейге табыстады. Сондай-ақ құнды жәдігерлердің бірі – жез леген, шифонер, ағаш диван, сағаты, жорнал столы, патефоны болса, ал, Жахаң тұтынған заттардың бірі – ас столы, тумбасы, қол жуғышы, шай әбзелдері, кестелі атлас көрпесі, бұның бәрі шешеміз Ғайнижамалдың төркінінен келген дүниесі болса, тар жол –тайғақ кешу жылдарында қапаста отырып өзіне тіккен қазақы аяқталмай қалған тақиясы мен қызы Гүлнарға жасаған фоторамасы, 10-жасында дүние салған баласы Әлібекке жасатқан қайыстан жасап күміспен шекелеткен белбеуі, жолға ұстаған партплеты мен Алаштың кейуана атанған Гүлнар апамыздың оранған жөргегі, Ғайнижамалдың тұтынған қобдишасы мен қайшысы, балаларының шашын алған машинкасы мен өзіне тоқыған жағасы- осының бәрі Гүлнар апамыздың мұражайға табыс еткен жәдігерлері қойылған.
Ахаңның үзеңгілестері, Алаш көсемдері – Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов , Кәрім Тоқтабаев, Назипа Құлжановалармен жалғасады. Ал, Ахмет Байтұрсынұлы өз өмір жолын өлең жолы ақындықтан бастады десек, оны ары қарай жалғастарушыларымыз ел перзенттері ақындарымыз Сырбай Мауленов, Ғафу Қайырбеков, Нұрхан Ахметбеков, Шәміл Мұхамеджанов, Серік Тұрғынбеков, Серікбай Оспанов, Кеңшілік Мырзабеков, Назарбек Бектемісов, Таңатқан Сәтбаев, Нағашыбай Мұқатов, Қонысбай Әбілдермен жалғасады. Ал, Ахаң мен Жақаңның жазушылығын жалғастырушылар Мұхамеджан Дүзенов, Әбдрашит Бектемісов, Қойшығара Салғарин, Сейіт Кенжеахметов, Төлен Әбдік, Қоғабай Сәрсекеев, Ілияс Байтұрсын, Қайсар Әлім болып жалғайды.
Ахаң мен Жақаңның ғалымдық-қоғам қайраткерлік жолын жалғастырушылар Едрес Сейілов, Батырбек Бірімжанов, Асқар Закарин, Сайлау, Сәбит Байзақовтар, Кенжеғали Сағадиев, Фазылхан Бәйімбетов, Серікбай Айсағалиев, Хадиша Қасымова, Мақпуза Бүтімбаева, Бәтжан Жұмағалиева, Нариман Қыпшақбаев, Шаймерден Нақыповтармен жалғасады.Ахаңның сазгерлігін жалғастырушыларымыз Бақытжан Байқадамов, Болат Хамзин, Бақытжан Сәуекеновтермен толығады.
Мұражайда Ахаң мен Жақаңа құрмет залында облыстардан келген сый-сияпаттар, құттықтау хаттар, көрерменнің лебізі, әсіресе мұражайдағы құнды құжаттар арасында Ұлттық Академияның 1991 жылы мұражай ашылғандағы қос арыстың бүкіл еңбектері мен екі үлкен альбомды сыйға тартуы, бірінші альбом Алматы қаласындағы Тіл білімі институтының ұжымына арналса, екіншісі Ахаң шығарған «Қазақ» газетінің тарихына арналады.
Мұражайға келген Торғайдың әр азаматы елдің, жердің өнердің қайнар көзіне айналған аймақтың өткеніне тамсанып, тағзым етсе, бүгінгі көзі тірі ел мақтанышына айналған ұл-қыздарының есімдерін ілтипатпен айтады. Олардың әрбір жақсы істерімен халқына ұсынған еңбектерінен мағлұмат алады.