ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ТОРҒАЙ МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ ЖАНГЕЛДІ КЕШЕНІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0
«ӘЙЕЛДІ АРДАҚТАҒАН ҚОҒАМ АЛҒА БАСАДЫ»

Бүгін 6 наурыз Ы.Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «ӘЙЕЛДІ АРДАҚТАҒАН ҚОҒАМ АЛҒА БАСАДЫ» тақырыбында аудандағы мекеме, ұжым басшыларынан құралған көшбасшы қыз - келіншектермен кездесу кеші өтті. Қоғамда нәзікжандылар барлық жауапты қызметтерді ерлер қауымымен бірдей атқарып келе жатқаны рас... Олар кез - келген салада өздерінің ісін дөңгелетіп жүру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына да сүбелі үлес қосып келеді.
Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы әйел адамдардың еңбегі ұшаң-теңіз. Іс - шара барысының бірінші бөлімінде қонақтарымыз өздерінің өмір жолдары еңбек жолдары туралы, жетістіктері, қызықты сәттері туралы отырған жас буынға айтып өтті. Іс - шараның екінші бөлімі интеллектуалды ойынмен жалғасты. Музыкалық ән шашулар жолданды.

{gallery}55/5{/gallery}