Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Торғайдын Жангелдин мұражайлар кешені» КММ
0
Біз туралы

ТОРҒАЙ – кент, Жангелдин ауданының, Торғай ауылдық округінің, Торғай ауданы әкімшілігінің орталығы. 1845 ж 22 шілдеде іргесі қаланған. 1845 жылы 31 мамырда орынбордың әскери губернаторы Обручевтің 462-жарлығымен Торғай өз-нің оң қапталындағы Жарыққұздың қарсы бетіне орналасқан Бесқопа төңірегінде бекініс салынатын жер белгіленген. Көп ұзамай, 25 қыркүйекте әскери казарма бой көтере бастаған. Деректемелерде бұл орынның Ташкент-Жаманқала-Тройцк керуен жолының бойында жатқаны айтылады. Бекініс алғашында «Орынборлық» деп аталған. Мұнда екі рота солдат және жүзге тарта қазақ отбасы қоныстандырылған.1868 жылы бекініс ресми түрде қала атанды. Тарихи құжаттарда 1876 жылы қала тұрғындарының саны 570, ғасыр соңында -999, 1902 ж – 1180, 1916 жылғы төңкеріс алдында 1240 адамға жеткені туралы деректер бар. Мұнда губернатордың жарлығы бойынша Денисов, Токарев, Шишков, Сарыщев, Коряков сияқты әскери қызметтен босатылған адамдардың отбасылары көшіп келген. Татар көпестерінің арасынан Назмуздинов, Яушев, Ғалиолла, Хакімжан, Жәлали қажылардың, Әлфат, Файзрахман, т.б. саудагерлердің отбасылары қоныстанған. Т.қ-сының құрылысына қазақ байлары да айтарлықтай ат салысқан. Шеген би ұрпақтарының бір-бір үйі болған. қазақтың алғашқы оқыған азаматтарының бірі Б.Қаралдин үйі белгілі дәрежеде қала тұрғындарының мәдени ошағына айналған. Ал Торғай өз-дегі бұл өңірде бұрын болмаған бірегей көпірді халық шебері Қоңырша салған. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің тікелей бастауымен 1861 жылы алғашқы мектеп құрылысы қолға алынып, 1864 жылы 8 қаңтарда шәкірттерге есігін ашты. 1883 жылы интернаты бар кәсіптік уч-ще жұмыс істей бастады. 1868 жылдан қазан төңкерісіне дейін Ресей мемлекетінің құрамындағы Торғай оязының орт. болды. Өлкеде кеңес өкіметі орнаған соң 1928 жылдан аудан орт-на айналды. Біраз уақыт Ақтөбеге қарап, 1936 жылдан бастап, бүкіл аудан аумағымен бірге Қостанай обл-ның құрамына қосылды. 1970-76, 1990-97 жылдары Торғай обл-ның құрамында болды. Кент қазіргі уақытта ауданның әкімшілік, мәдени-әлеуметтік орт. болып табылады. Тұрғын халқының саны 5,6 мыңға жетті (2009). Телекоммуникациялық және байланыс орт-тары, көліктік, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар, бірнеше орта, музыка мектептері, орт.аурухана, емхана, дәріхана, монша, кітапхана, клуб жұмыс істейді. Жангелдин ауд. тарихи өлкетану музейі, Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың, Н.Ахметбековтың мұражайлары орналасқан, бірнеше тарихи орындар мен сәулет өнерінің  ескерткіштері бар.